«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №3 имени П.И.Морозова города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарын

04.05.2023

«Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 26-28 сәуірінде химия және биология пәндерінен 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өткізді. Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және ZERDE-LIDER білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия, биология пәндерін тереңдетіп, оқуға деген қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резервті қалыптастыру. Олимпиадаға 16 облыстың командалары қатысты. Біздің мектептен 7 сынып оқушысы Кузьмин Святослав қатысып, облыстық олимпиадада жақсы нәтиже көрсетті. 
Святослав «ZERDE-LIDER» білім беру орталығында олимпиадаларға дайындық курстарында оқу үшін грант алды. 

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст