Байқау
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі және аудандық мектеп кітапханашыларының әдістемелік бірлестігі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында С.Я. Маршактың туғанына 135 жыл толуына орай «Жүректе ұмытылмас күндері бар» атты конкурс өткізеді.
11 қарашада байқаудың мектеп кезеңі өтті. Оған 4 сынып оқушылары қатысты: А.Тамбовцева (4а), В.Туманов (4а), К.Комиссарова (4а), С.Досмұхамбетов (4б), А.Батюта (4б), К.Соколов (4в), И.Макеев (4в). Байқаулық шығарма көлемі кемінде 30 жол болатын. Қатысушылардың шығарманы орындау деңгейі келесі критерийлер бойынша бағаланды:
✓ сөйлеудің мәнерлілігі мен айқындылығы
✓ орындаушылық мәнердің даралығы
✓ актерлік және басқа кейіпке түсу өнері
✓ оқушылардың сахналық мәдениеті
✓ мәтінді жатқа білу
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын және аудандық байқауға қатысу құқығы 4 "Б" сынып оқушысы Батюта Алисаға берілді. Жеңімпазды құттықтаймыз және оған байқаудың аудандық кезеңінде сәтті өнер көрсетуін тілейміз!
Мектеп кезеңінің барлық қатысушылары грамоталармен және силықтармен марапатталды.