Педагог лауазымына орналасуға Конкурс
"Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының П.И. Морозов атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі 78. мектеп поштасы shko3@yandex.ru
❗ Бос лауазымға конкурс ❗
Атауы:
- педагог-психолог-1 ставка (декреттік демалыс кезеңіне)
- мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі-18 сағат
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсты өткізу күні: 16.08.2022-24.08.2022.
Құжаттар тізбесі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы сертификат.