Текст
03.04.2026
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Щучинск қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепте Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары Есенгулова Д.Б., Имангалиева А.К. және Дюсембаева Н.С. кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырды. Кездесу барысында оқытушылар білім алушыларға оқу орнына қабылдау шарттары мен оқу үрдісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті мамандықтармен таныстырды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар ұсынылды. Іс-шара жылы және қызығушылыққа толы атмосферада өтіп, оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауы үшін маңызды ықпал етті.