Текст
14.01.2026
Біздің мектеп оқушылары экологиялық білім беру аясында ұйымдастырылған "суды үнемде-болашақты сақта" Эко-сағатының Zoom – конференциясына қатысты.
Іс-шараның спикерлері Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Вице-министрі және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксворти болды.
Конференция барысында тұщы суды сақтау, суды ұтымды пайдалану және жастардың табиғи ресурстарды қорғаудағы рөлі мәселелері талқыланды.