Текст
17.04.2024
15.04-19.04 аралығында "Тілі бірдің-тілегі бір" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті.
17.04.2024
12.04.24 ағылшын тілі мұғалімі Н.Ф. Мокрецкая 10-сыныпта "Things you didn" t know about space"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы білімдерін кеңейту, осы тақырыпты одан әрі зерттеуге қызығушылықтарын арттыру.
17.04.2024
Ағылшын тілі апталығы аясында 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 25 оқушы қатысты. Орындар келесідей бөлінді : 10-11 сыныптар 1 орын: Борцов Артем (11 сынып) 2 орын: Стаценко Ирина (11 сынып ) 2 орын: Пархоменко Даниил (10 сынып) 3 орын: Зайцев Олег (11 сынып ) 9 сыныптар 1 орын: Маденов Рустам (9 А сынып) 2 орын: Пояркова Валерия (9 А сынып) 3 орын: Леонов Ратмир (9 А сынып) 8 сыныптар 1 орын:Омирханова Самира (8 б сынып) 2 орын: Калинина Анжелика (8 В сынып ) 3 орын:Индюкова Олеся (8 В сынып )
17.04.2024
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының алғашқы күнінен естелік!
17.04.2024
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 15 сәуірде "4 а"сыныбында "Ғарышқа саяхат" тарауы бойынша саяхат сабағы өткізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері қолданылды. "Филворд" ойыны, "Киндер" әдісі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сабақты қорытуда "Кім білгір" ойыны ұтымды қолданылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Оспанова ЗС
17.04.2024
12.04.24 ағылшын тілі мұғалімі Н.Ф. Мокрецкая 10-сыныпта "Things you didn" t know about space"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы білімдерін кеңейту, осы тақырыпты одан әрі зерттеуге қызығушылықтарын арттыру.
16.04.2024
Сәуір айының 13-14 күндері Аршалы ауданы, Аршалы ауылында ММА FREE FIGHTING бойынша Ақмола облысының біріншілігі өтіп, оған 200-ге жуық спортшы қатысып, көптеген жігіттер ақтық сынға шығып, тәжірибелі спортшыларға есе жіберді. Жігіттер бапкер Сергей Александрович Дороговтың жетекшілігімен жаттығады. Жарыс екі бағдарлама бойынша өтті: MMA және SHOOK. Бұл жарыстарға келесі қалалар қатысты: Астана кен Қарағанды Степногорск Ақкөл Теміртау Щучинск Щучье жекпе-жек спорт клубынан 14 спортшы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Айдарбек Батыржан, №3 мектептің 4Б сынып оқушысы. П.И.Морозова, 3 орынға ие болды
11.04.2024
Мектеп фойесінде білімді кеңейту, өрт туындауының негізгі себептерімен танысу, отты абайлап ұстаудың қарапайым дағдыларын үйрету және өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ете білу мақсатында «Шірікпен ойнама!» атты суреттер көрмесі безендірілді.
11.04.2024
Ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой мәдениетін дамыту, шахматты насихаттау мақсатында, мектебімізде педагогикалық ұжым арасында шахматтан спорттық кештер өтті.
06.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет. Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет. Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын. Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.