Көктеммен бірге келетін ең шуақты мереке ол халықаралық әйелдер күні. Осыған орай, П. И. Морозов атындағы №3 орта мектепте қазақ сыныптары арасында «Мен және анам» атты сайыс өтті. Сайысымызды мектеп директоры Алимова Қорлан Жаналыковна құттықтау сөзімен бастады. Сайысқа қыздар мен аналары қатысты. Атап айтқанда Бірінші анамыз: Габдуллина Ботажан Хаджимуратовна және қызы Асылбек Медина. Екінші анамыз: Куржибаева Диана Балтабаевна және қызы Дюсенбек Милана. Үшінші анамыз: Исенова Сымбат Төлеуғалиқызы және қызы Исенова Аяна. Төртінші анамыз: Кабдушева Дана Нурлановна және қызы Омирзах Инабат. Бесінші анамыз: Оспанова Зауре Рыскулбековна және қызы Мұхтар Әсел. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Тегін білмеген тектілік» өз-өздерін таныстыру. Екінші кезең «Бес саусағы майысқан» өнер сайысы. Үшінші кезең «Білімді мыңды жығады» сұрақ – жауап сайысы. Қатысушылардың барлығы сайысқа өте жақсы дайындалған. Әр сайыстың арасында ұлдарымыз өз өнерлерін көрсетті. Әжелер, аналар, қыздар туралы әндер шырқалып, билер биленді. Сайыс өте қызықты өтті.
Байшалова А. Т.